×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақкенттегі өрт: екі қылмыстық іс қозғалды

02.08.2023, 11:52
ТЖД

Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешеніндегі өртке қатысты екі қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Алматы қалалық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков мәлім етті.

«Өрт фактісі бойынша қалалық прокуратура ведомствоаралық тергеу жедел тобын құрды, оның құрамына анықтаушылар кірді. Екі қылмыстық іс қозғалды. Өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 1 тамыз күні Алматыда 16 қабатты үй өртенді. Тұрғындар өмірлерін арашалау үшін терезеден секіруге мәжбүр болды.

Алғашында 31 адам, оның ішінде 16 бала ауруханаға жеткізілгені хабарланды.

Кейіннен оқиға салдарынан 1 адам мерт болып, 43-і зардап шеккені мәлім болды. Оның ішінде 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұдан бұрын өрт кезінде қаза тапқан әйелдің өлімінің мән-жайы айтылған.

Сондай-ақ, өртенген тұрғын үй кешенін салған компания жайлы деректерді жариялағанбыз.

 

Серіктес жаңалықтары