×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Қаралы қаңтар: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген полицейге үкім шықты

02.08.2023, 16:03
Қаралы қаңтар: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген полицейге үкім шықты
Коллаж: Ulysmedia.kz

Семей қалалық сотында лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және адам азаптады деп айыпталған полиция қызметкері Айдын Азанбаевқа үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сотта анықталғандай, 11 қаңтарда полиция Елдос Қалиевті коменданттық сағатты бұзғаны үшін ұстаған.

Ол полиция бөлімінде азапталған. Көп ұзамай Елдос Қалиев қайтыс болды.

Елдос Қалиев/Азаттық радиосы

Сотталушы кінәсін мойындамады. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан және офицерлік шенінен айырды. Сонымен қатар, ол жәбірленушінің пайдасына 9 млн теңге төлеуге тиіс.

Семей тұрғыны Елдос Қалиев –  қаңтар оқиғалары кезінде азаптаудан қаза тапқанын билік ресми түрде мойындаған алты адамның бірі.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістанда тергеудегілерді азаптаған 4 полицей сотталған.