×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

"Келісімшартыңды ұзартып беремін": алаяқ кәсіпкерден 1 млн доллар талап еткен

03.08.2023, 12:09
"Келісімшартыңды ұзартып беремін": алаяқ кәсіпкерден 1 млн доллар талап еткен
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысында 1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеуші сотқа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор алаяқтық және пара беруге итермелеу фактісі бойынша К. Алтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

“Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнына жер қойнауын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен алдау арқылы 1 млн АҚШ доллары сомасындағы ақшалай қаражатын жымқыруға әрекет жасады деп айыпталуда”, – делінген ведомство хабарламасында.

Айыпталушының ісі сотқа берілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын өзін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырған Алматы тұрғыны кәсіпкерден 390 мың доллар талап еткен еді.