×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі күрт азайды

03.08.2023, 12:52
фото: ашық дереккөзден

2023 жылғы қаңтар-маусымда елімізде 72,7 млрд теңгенің дәрісі өндірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылғы жарты жылда өндіріс көлемі биылғыдан 0,9% артық болған (73,3 млрд тг).

Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында фармацевтикалық препараттар өндірісінің көлемі 5,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% аз. (2022 жылғы қаңтар-маусым – 8,2 млрд тг).

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісімен 12 кәсіпорын айналысады.

Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2023 жылдың маусым айында фармацевтика препараттары 11,4% қымбаттаған.

Айта кетсек, бұдан бұрын "СК-Фармация" ЖШС дәрі-дәрмектерге үстеме бағаны өзгертуді ұсынған.  ЖШС үстеме бағаның өсуі дәріханалардағы бағаларға әсер етпейтініне сендіріп отыр. Жүктеме өндірушіге немесе дистрибьюторға түсуі мүмкін.


 

Серіктес жаңалықтары