×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әблязов ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатқан – сот үкімі

03.08.2023, 17:05
Әблязов ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатқан – сот үкімі
Regnum

АҚШ соты Мұхтар Әблязовтің БТА банктен ақша ұрлап, оны АҚШ-қа жылыстатқанын мойындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БТА Банкінің мәлімдемесіне сүйенсек,  31 шілдеде АҚШ-тың Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша округтік сотының судьясы Джон Г.Колтл Triadou SPV S.A.-ға қатысты "БТА Банкі" АҚ-ның құны 193 миллион доллардан астам пайдасына шешім шығарған.

Сот шешімі алқабилердің 2022 жылғы желтоқсандағы үкімінен кейін шыққаны, оған сәйкес Triadou қаржы жымқырғаны және заңсыз баюы үшін жауапқа тартылғаны атап өтілді.

"Алқабилер алқасының үкімінен басқа, судья іс материалдарын зерделегеннен кейін 66 бетте өз шешімінің негіздемесін егжей-тегжейлі баяндады. Нәтижесінде сот БТА-ның Triadou-ға қарсы сенімгерлікпен алынған мүлік пен кез келген қаражатқа талап-арызын мойындады. БТА қаражатын пайдалану нәтижесі, сонымен қатар Triadou-дың бірқатар активтеріне қатысты БТА талаптары қанағаттандырылды", – делінген банк хабарламасында.

Сот сотталушы Triadou SPV Мұхтар Әбілязовтың күйеу баласы Ілияс Храпунов құрған және бақылайтын компания екенін растады. Ол БТА-дан ұрланған 70 миллион доллардан астам ақшаны алып, компания оны Нью-Йорктегі жылжымайтын мүлікке және АҚШ-тың басқа жерлерінде инвестициялаған.

Сот қорытындысында егжей-тегжейлі айтылғандай: "Сотта ұсынылған дәлелдер АҚШ-тағы Triadou атынан инвестицияланған қаражат Әбілязовтың басқа фронттық компания арқылы БТА-дан ұрлаған 115,3 миллион долларға тікелей қатысы бар екенін көрсетеді".

"Ілияс Храпуновтың Triadou SPV-тің бас компаниясын үшінші тұлға Филипп Глатцқа сатқаны туралы мәлімдемесіне қарамастан, сот: "Глатцтың [Triadou SPV] сатып алуы жалған болды, оны Ілиястың өзі төледі және Ілияс Храпунов Triadou-ды сот ісі басталғаннан кейін де бақылауды жалғастырды деп қорытындылады", - деп хабарлады банктен.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде Мұхтар Әблязов полиция органдарынан 30 күн ішінде Франциядан кетіп, оны қабылдауға дайын елге көшуі керетігі жайлы бұйрық алғанын мәлімдеді.

Қазақстанда Мұхтар Әблязов  "БТА банкінен" 7,5 млрд доллардан астам қаржы ұрлағаны және қылмыстық қоғамдастық құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-банкир – елде экстремистік ұйым деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" тіркелмеген қозғалысының көшбасшысы.

Жуырда оның ағасы әрі сыбайласы Алматы әуежайында ұсталды.