×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Мұхтар Әблязовтың ағасы Алматы әуежайында ұсталды

25.07.2023, 16:47
Regnum

Алматы әуежайында Мұхтар Әблязовтың сыбайласы әрі ағасы Нұрғазин Қуаныш ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, ол –  Әблязов басқаратын «BSC» ЖШС-ның номиналды директоры. Әблязов және оның сыбайластары осы компанияны заңсыз несиелендіру арқылы БТА Банктен аса ірі көлемде қаражат жымқырған.

Нұрғазин сотталушы бола тұра, ешқайда кетпеу туралы міндеттемесін бұза отырып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында соттан жасырынған.

12 жыл бойы Литва аумағында жасырынып, сол жерде босқын мәртебесін алған.

“Нұрғазин Қазақстанға өз еркімен оралуға ниет білдірді. 2023 жылғы 24 шілдеде паспорттық бақылаудан өткеннен кейін ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотталушының өтініші бойынша Нұрғазиннің жасы мен денсаулық жағдайын ескере отырып, 2023 жылғы 25 шілдеде сот оған бұлтартпау шарасын үйқамаққа алу деп өзгертті”, – делінген хабарламада.

Жақын арада басты сот талқылауы қайта басталады. Оның жауапкершілігінің көлемін сот айқындайтын болады.

Айта кетейік, жуырда Францияның апелляциялық сотының қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовқа қатысты сот талқылауын тоқтату туралы шешімін елдің Кассациялық соты жарамсыз деп таныды. Әблязовқа ақша жымқырды деген айып қайта тағылды.

Серіктес жаңалықтары