Полицейлер Түркістан облысында ауыр қылмыс жасады деген күдіктілерді іздестіруде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 5 тамызда белгісіз екі адам Арыс қаласында салынып жатқан үй аумағына кіріп, белгісіз қарудан оқ атып, қашып кеткен.
«Үйдің иесі және оған құрылыста көмектескен танысы алған жарақатынан қайтыс болды. Сондай-ақ құрылысқа көмектескен екі ер адам оқтан жараланды. Олар ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлайды полиция.
Облыста арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, «ұстап алу» жоспары қабылданған. Күдіктілердің жеке басын анықтап, оларды ұстау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.