×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Дружба» мұнай құбыры бөлігінің бірі жұмысын тоқтатты

06.08.2023, 16:30
Фото: Ашық дереккөзден

Сенбі күні кешке «Дружба» мұнай құбырының Ходеч коммунасында тұрған бөлігінен мұнай сыртқа ағып, құбырдың жұмысын тоқтатылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Аталған мұнай құбыры автоматтандырылған PERN жүйесінің бір бөлігі саналады. Құбырдың батыс учаскесіндегі екі бөлігінің бірінен мұнай аққан. Шикі мұнай осы бөлік арқылы Германияға тасымалданады. Мұнай сыртқа аққаны белгілі болғаннан кейін тасымал бірден тоқтатылған.

Алайда екінші бөлік үзіліссіз жұмыс істеп тұр.

Жергілікті халықтың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Билік мұнайдың сыртқа ағуы салдарынан жергілікті халыққа, экологияға тигізуі мүмкін зардаптардың алдын алуы мүмкін.

Биыл мамырда «Қазтрансойл» компаниясы (ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) сәуірде «Транснефть» компаниясының «Дружба» мұнай құбыры арқылы Германияға 100 мың тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау жоспарын жариялаған еді.

Қазақстанның алғашқы мұнай Германияға 20 мың тонна көлемінде «Дружба» арқылы осы жылдың ақпанында жеткізілген.

Ал Энергетика министрлігі биыл тамызда Самар арқылы Германияға Қарашығанақтан 100 мың тонна мұнай жеткізілетінін хабарлайды.

«Қазақстаннан Ресей арқылы ол мұнайды жеткізу жөнінде тапсырма 31 шілдеде берілген. 2023 жылдың 3-5 тамызы аралығында Шаған арқылы кесте бойынша 11,6 мың тонна мұнай қабылданды. Қалған мұнай 6-29 тамыз аралығында қабылданады», - деп хабарлайды министрлік.

Серіктес жаңалықтары