×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Депутат бұзық балалар мен жасөспірімдерді чиптеуді ұсынды

08.08.2023, 15:07
әлеуметтік желіден

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Дәрімова Қазақстанда қиын жасөспірімдер мен балаларды чиптеу керек екенін айтып, тағы да басы дауға қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол Павлодарда буллингтің жиілеп кетуіне қатысты былай деді:

"Адамгершілікке ада адамдар тек чип қана емес, бір жеріне тағы бірдеңе салу керек. 100 рет айналдыру қажет. Кешке олардың үйде екенін тексеру керек. Егер жоқ болса, оларды бірден арнайы қабылдағышқа, интернатқа жіберу қажет", - деді депутат.

Біраз уақыттан кейін Дәрімова бұл сөздері үшін ақтала бастады.

"Мен қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратын, қоғам үшін қауіпті жасөспірімдерге. Әдеттегідей, сөзімнің өңін айналдырып, хайп жасайды. Бұл тек менің жазылушыларымды көбейте түседі", - деді ол.

Депутаттың әлеуметтік желідегі соңғы бірнеше жазбасы дау тудырып, оны сынға алушылар көбейді. Десе де, депутат ісі мен сөзінің дұрыстығына күмән келтірмейді.

Еске салсақ, бұдан бұрын әлеуметтік желілерде 13 жасар жасөспірімді Павлодарда бірнеше адам ұрып-соққаны туралы ақпарат пайда болды. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары