×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

АИ-95 бензині қат: Үкімет мәселені қалай шешпек

09.08.2023, 08:19
АИ-95 бензині қат: Үкімет мәселені қалай шешпек
фото: ашық дереккөзден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тамыз айында Қазақстан бойынша 369 тоннадан астам АИ-95 бензинін тасымалдауды жоспарлап отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство дерегінше, тамыз айының алғашқы 7 күнінде оның 102,6 мың тоннасы немесе айлық жоспардың 27% тасымалданды.

Тамыздың басында бензин құю жоспары келесідей болған:

- Атырау МӨЗ бойынша - 125 цистерна, оның ішінде 21 цистерна АИ-95 бензині;

- Шымкент МӨЗ бойынша - 102 цистерна, оның ішінде бірде-бір АИ-95 вагоны қарастырылмаған;

- Павлодар МӨЗ бойынша - 80 цистерна, оның ішінде барлығы 20 цистернада АИ-95 бензині бар.

Министрлік мұнай өңдеу зауыттарынан жүктерді жеткізуге байланысты барлық өтініш 100% қамтамасыз етіліп келе жатқанына сендірді.

“Қазір Қазақстандағы магистральді автожолдар арқылы бензин тиелген 1 047 цистерна өңірлерге жеткізіліп жатыр. Олардың ішінде АИ-95 маркалы жағармайы бар цистернаның саны - 341. Барлық мұнай өнімі диспетчерлік бақылаумен белгіленген жылдамдықпен жеткізілмек. Айта кету керек, бензинді жеткізу жүк тасымалдаушы ұйым мәлімдеген жоспарларға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Демек тасымалдаушы отынның қандай да бір түрін жөнелтуге әсер ете алмайды”, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қазақстанда жанар-жағармай бекеттерінде бензин шектеліп берілуі мүмкін екені хабарланған.

Ал Қостанайда АИ-95 бензинімен бірге автогаз тапшылығы туды.