Астанада мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуы тексерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қалалық прокуратура мәліметінше, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда, 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған.
“Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалды, жер учаскелері мемлекетке берілді”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұдан бұрын мемлекетке миллиардтаған теңгенің кен орындары қайтарылған.