×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бес өңірде әкімдіктер бәсекелестік пен мемлекеттік қолдауға қолжетімділікті шектеген

09.08.2023, 17:14

Қазақстанда монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 33 іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) алқа отырысында мәлім болды.

“Жыл басынан бері монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері бойынша 48 тергеу аяқталды, тағы 33 іс тергелуде. Жосықсыз нарық субъектілеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға айыппұл санкциялары салынды. Соттар 40-тан астам монополияға қарсы істі қарап жатыр. Құқық қорғау органдарының қатысуымен жүргізілген бірлескен жұмыстың қорытындысы бойынша бюджетке 15 млрд теңге өндірілді (2022 және 2023 жылдың 1 жартыжылдығы). Осылайша, жүргізілген тергеулер санының артуы да, салынған айыппұлдар сомасының өсуі де байқалады. Жүргізілген тергеу және оларды соттарда қарау тәжірибесі жетілдірілуде”, – делінген ведомсвто хабарламасында.

Сонымен қатар, коммуналдық-тұрмыстық көмірді көтерме саудада өткізу нарығында өңірлік көмір тұйықтарының көмір кен орындарына тікелей қолжетімділігі қамтамасыз етілген. 

“Бұл олардың шығындарын 5,6 млрд. теңгеден астам сомаға азайтты. Энергетикалық көмір нарығында оның монополиялық жай-күйі мен ашық емес баға белгіленуіне байланысты нарықтың негізгі қатысушыларының бағаларын тікелей реттеуді енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады”, – деп мәлім етті агенттік.

Бұдан бөлек, жарты жыл ішінде азық-түлік бөлшек сауда қызметтерін көрсетуге арналған нарықты кешенді талдау қорытындысы бойынша бөлшек сауда нарығына кірудегі кедергілер анықталған, сондай-ақ сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманы бұзудың 27 фактісі анықталды.

Сондай-ақ, ведомствоның аумақтық департаменттері атынан жүргізетін жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг нәтижелері бойынша бес облыста (Маңғыстау, Павлодар, Қызылорда, ШҚО, БҚО) әкімдіктердің атына бәсекелестікке қарсы іс-қимыл белгілері бойынша хабарламалар шығарылды. Осы өңірлерде ЖАО-ның бірдей жағдайлар кезінде бәсекелестікті шектеген, нәтижесінде мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуге кедергі келтірген әртүрлі шешімдер қабылданғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары