×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Щучинск әкімі даулы тікелей эфир үшін қалай жазаланды

10.08.2023, 08:11
видеодан кадр

Щучинск қаласының басшысы даулы тікелей эфирі үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жуырда Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Оны бітіргеннен кейін әкімдік қызметкері эфирді өшіре алмаған. Эфир тоқтатылды деп ойлаған әкім сұрақ қойған журналиске қатысты дөрекі сөз айтады.

Шаһар басшысының өрескел қылығы желіде қызу талқыланды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі сөздері өздеріне бағытталды деп ойлаған. Кейін Олжас Нұрмағамбетов эфир жазбасын жариялап, "бір жерге" барлық тұрғындарды емес, тек желідегі жергілікті парақшалардың бірін жібергенін түсіндірді. Бірақ бұл оған жазадан құтылуға көмектеспеді.

КТК телеарнасының хабарлауынша, қызметтік тергеу барысында дәлелдер табылған.

“Ақпарат расталды. Нұрмағамбетовке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Бүгінгі күні осындай ереже бар: егер қызметкер өзінің бұзушылығын мойындаса, онда тәртіптік кеңесте, әдеп жөніндегі кеңесте қараусыз қалуға болады”, - деді Ақмола облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанаділова.

Серіктес жаңалықтары