×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды алмастыратын ұлттық жобаларды таныстырды

12.10.2021, 09:51
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық жобалар жөнінде негізгі баяндаманың бірін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жасады. Оның айтуынша, ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп үш ұлттық жобаны әзірлеген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Олар «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» және «Кәсіпкерлікті дамыту», сонымен бірге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жобалар.

«Аталған жобалар еліміздің 2025 жылға дейінгі дамуының ұлттық жоспарын және «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасын орындау мақсатында әзірленді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тұрақты экономикалық өсу» ұлттық жобасы келесі 5 бағытты қамтиды. Олар индустриялық-инновациялық даму, мұнай-газ-химия, энергетика кешендерін, геология саласын дамыту, сондай-ақ шикізаттық емес экспортты арттыру. Аталған бағыттарды іске асыру шеңберінде 6 міндет, 13 көрсеткіш және 55 іс-шара көзделген. Ұлттық жобаны қаржыландырудың жалпы көлемі 15,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 402 млрд теңге қарастырылған. 15,5 трлн теңгеге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр», – деді Әсет Ерғалиев.

Оның айтуынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту бойынша шаралар қабылданады. Осы арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға және өңдеу өнеркәсібі тауарларының номенклатурасын кеңейтуге ықпал ететін 418 индустриялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ал Кәсіпкерлікті дамыту бойынша Ұлттық жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге және жаңа тауашаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бәсекелестікті кешенді дамытуға бағытталған. Аталған бағыттарды іске асыру шеңберінде 10 міндет, 30 көрсеткіш және 69 іс-шара көзделген. 

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы арқылы 13,5 трлн. теңге соманы тұрғын үй құрылысына инвестициялар тарту көзделген. 

«16 мың шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілері салынады. Екінші жолдарды салу және «Достық-Мойынты» учаскесін электрлендіру есебінен Қытай-Еуропа-Қытай қатынасының өткізу қабілетін 5 есеге ұлғайту жоспарлануда. «Түркістан-Шымкент-Ташкент» жоғары жылдамдықты магистралінің құрылысы қамтамасыз етіледі», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары