×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

"Яндекс" өз доменін Қазақстанға көшіруге міндеттеледі

10.08.2023, 12:43
"Яндекс" өз доменін Қазақстанға көшіруге міндеттеледі
фото: ашық дереккөзден

Ресейлік Яндекс сайтының уақытша бұғатталуына Қазақстан заңнамасының бұзылуы себеп. Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресурстан өз доменін республика аумағына көшіруді талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомсвто түсіндіргендей, бұған дейін Яндекске доменді Қазақстанға көшіру жөнінде талапты жіберілген. Алайда, ресейлік компания бұл талапты орындамады, сондықтан бейінді ведомство сайттың жұмысына уақытша шектеу енгізді.

"Министрлік заңнаманы бұзған домендердің жұмысын толығымен бұғаттауды мақсат етпейді. Бұл ретте аталмыш домендерге қол жеткізуді уақытша шектеу құралын пайдалануға болады.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде Яндекс компаниясынан олардың доменін ел аумағына көшіру мерзімдерін ұзарту туралы хат алынды. Сондай-ақ, компания Қазақстан заңнамасының барлық талаптарын орындауға дайын екендігін білдірді. Қол жеткізуді уақытша шектеу министрліктің ағымдағы жылғы 25 шілдедегі сұрауына жауап бермеу салдарынан қолданылды", - деп хабарлады цифрлық даму министрлігі.

Еске салайық, 9 тамызда Қазақстанда Yandex.kz іздеу жүйесінің жұмысы деректерді сақтау ережелерінің бұзылуына байланысты бұғатталды. Цифрландыру министрлігі компанияға деректерді өңдеу орталықтарының орналасқан жері туралы, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының дербес деректерін қорғау шаралары туралы толық ақпарат беру туралы сұрау жіберді.

Одан бұрын БАҚ беттерінде Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі Қазақстандағы "Яндекс.Такси" қызметіне қатысты мәліметтерге тәулік бойы рұқсат алатыны туралы ақпарат тараған

Қазақстандағы Яндекс Go компаниясы бұл ақпаратқа түсініктеме беріп, Ресей заңнамасы Қазақстандағы қызметке және оның пайдаланушыларына қатысты қолданылмайтынын жеткізген.