×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Астанада LRT-ны іске қосу мерзімі тағы кейінге шегерілді

10.08.2023, 17:36
Коллаж: Ulysmedia.kz

LRT құрылыс дирекциясының басшысы Серік Әйтімбетов Астанада LRT-ны іске қосылуы 2025 жылға шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, жеделдету үшін жоба екі іске қосу кешеніне бөлінген. Бұл алғашқы іске қосу кешенін 2025 жылы пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

"Бірінші кешеннің жалпы сомасы – 1 млрд 152 млн доллар. Осы уақытқа дейін сегіз станция салынып, бес көлік қондырғысы іске қосылады. Екінші кешен өз жұмысын 2026 жылдың соңына дейін бастайды. Оған 735 миллион доллар жұмсалады. Осы уақытқа дейін 10 станция аяқталып, 14 көлік бірлігі іске қосылады. LRT-ның жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. Жылжымалы құрам ретінде "Тритон" моделі пайдаланылады, оның максималды сыйымдылығы – 652 адам, максималды жылдамдығы – 80 км/сағ. Көлік қашықтағы оператор басқаратын пилотсыз болады", - деді ол.

LRT құрылыс жобасының жалпы сомасы 1 миллиард 880 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, LRT  жобасын жүзеге асыру 2011 жылы басталғанымен, жаңа тас жол ешқашан салынбаған. Тек баған-мұнаралар бой көтерді. Елордада әкімдер ауысқанымен, жоба үшін ешкім жауапкершілік алғысы келмеді.. Соған қарамастан, LRT үшін ақша бөліне берді, ол қазақстандық жемқорлықтың ескерткішіне айналды.

Жыл басында мемлекет басшысы елорданы дамыту жөніндегі жиында LRT жобасына жеке тоқталған.

«LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек. Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал, балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын»,  – деді Тоқаев.

Ақпанда Астана әкімі LRT-ны келесі жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді.

Серіктес жаңалықтары