×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда 300-ге жуық «көкөніс» делдалдары жойылды

13.08.2023, 14:37
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстанда 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 298 делдалдары анықталып, жойылды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сауда және интеграция министрлігі мұндай шара жеміс-жидек пен көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін қабылданғанын мәлімдеді.

«Бағаның маусымдық өсуін тежеудің қолданыстағы тетіктері аясында бірінші жартыжылдықта алдын ала дайындалған қорлардағы көкөністер нарыққа жіберілді», - делінген хабарламада.

Маусымаралық кезеңдегі осындай қорлардың жалпы көлемі 139,4 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) құрады, олар маусымдық баға ауытқуларын реттеу үшін индикативті бағамен нарыққа шығарылды.

Министрлікте ай сайынғы тауар балансын қалыптастыру және талдау жұмыстары жүргізіліп жатқаны, электронды шот-фактураларға тұрақты талдау жүргізілетіні, делдалдық схемаларды анықтау және жою бойынша есеп айырысу рәсімдерінің ашықтығын арттыру жұмыстары басталғаны атап өтілді.

Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық статистикалық бюросы маусым айында тұтыну бағаларының айлық индексі баяулап, 0,5%-ды (мамырда – 0,6%) құрағанын хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары