×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бұдан былай қаза тапқан орманшылардың отбасына өтемақы төленеді

14.08.2023, 10:14
көрнекі фото

Экология министрлігі Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі салдарынан қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемді іске асыру қағидалары мен мөлшерін әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құжат бойынша ақшалай төлем қызметтік міндеттерін (мемлекеттік орман күзету міндеттерін) атқару кезінде мертігуі (жарақаттануы, жаралануы, контузия алуы) салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелеріне жүргізіледі.

“Қызметкердің, курсанттың мемлекеттік орман күзету қызметшінің отбасы мүшелеріне жұбайы, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін немесе жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде күндізгі оқу орнын бітіргенге дейін жиырма үш жастан аспайтын балалары, оның ішінде асырап алған балалары, бірге тұратын өгей ұлдары мен өгей қыздары жатады”, – делінген құжатта.

Ақшалай төлемді рәсімдеу үшін қандай құжаттар қажет?

  • белгіленген үлгідегі өтініш;
  • қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе қайтыс болуы туралы хабарлама;
  • азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (туу, неке қию, бала асырап алу, әке болуды анықтау, атын, әкесінің атын және тегін ауыстыру), басқа адамдар өтініш берушінің отбасы мүшесі болып танылған жағдайда соңғылары өздерін өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанының білім алушысы болып табылса, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы (жыл сайын оқу жылының басында ұсынылады);
  • теңгедегі банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер;
  • егер кәмелетке толмаған отбасы мүшелері жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің кәмелетке толмаған отбасы мүшесіне қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы құжаттың көшірмесі.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтері, неке қию туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін) куәліктер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін.

Осы тармақта көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш ол берілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қайтарылуға тиіс.

Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттардың толық әрі дұрыс ресімделуін тексереді және оның ішінде:

  • қаржы бөлімшесінің қайтыс болған қызметкердің, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскери қызметшінің соңғы атқаратын лауазымы бойынша ақшалай қаражатының мөлшері туралы ақшалай төлем алуға құқық беретін анықтамасы;
  • қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының себептері мен мән-жайын қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
  • әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысы;
  • қаза тапқанқызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің жеке құрам тізімінен шығарылғаны туралы бұйрықтан үзінді қамтылуға тиіс жеке істі қалыптастырады.

“Ақшалай төлемді тағайындау қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуының себебі мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуі арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыс болған кезде жүргізіледі. Қызметкердің, курсанттың, әскери қызметшінің қаза табуы мен оның қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертігуінің  әскери-дәрігерлік комиссия шығарады”, – делінген құжатта.

Ақшалай төлемді іске асыру мөлшері

Қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша әрбір отбасы мүшесіне ақшалай төлем қаза тапқан мемлекеттік орман күзету қызметкерінің, келісімшарт бойынша қызметшінің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қаражатының 40 пайызы мөлшерінде іске асырылады.

Бұл ретте отбасының барлық мүшесіне төленетін ақшалай төлемдердің ең жоғары мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызынан аспауға тиіс.

Отбасы мүшелері үшеу және одан көп болған кезде әрқайсысына ақшалай төлемдердің мөлшері ақшалай қаражаттың 100 пайызына тең үлес ретінде есептеледі.

Құжат жобасы 2023 жылғы 28 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланды.

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Бұдан бұрын қаза тапқан орманшылардың отбасына нақты қандай көмек көрсетілетіні хабарланған.

Сондайақ, өткен аптада "Семей орманы" резерваты филиалдары қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті.

 

Серіктес жаңалықтары