×
473.98
504.03
4.93
#Қаңтар оқиғасы #қаңтар қақтығысы #сайлау #жемқорлық #тағайындау
473.98
504.03
4.93

Гүл дүкеніндегі оқиға: мемкірістер басқармасы басшысының орынбасары сөгіспен құтылды

15.08.2023, 09:07
видеодан кадр

Түркістан облысы Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды Шымкент гүл дүкенінде жасаған әрекеттері үшін қатаң сөгіс алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының 14 тамыздағы бұйрығымен Елқондыға "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Мемлекеттік қызмет департаментінің ресми хабарламасында Елқондының іс-әрекеттері "әдепсіз және жол берілмейтін әрекеттер" деп мәлімделген.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда желіде Шымкенттегі гүл дүкенінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адамның дүкен қызметкерін ұрып-соғып, гүл ұрлағанын көруге болады. Кейінірек бейнежазбадағы "батыр" бұрынғы учаскелік инспектор екені анықталды.

Дүкен иесі құқық қорғау органдары барлық құқық бұзушыларға қарсы іс қозғағысы келмейтінін айтады. Сондай-ақ, әйел белгісіз адамдар қоңырау шалып, қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын мәлімдеді. Оқиға қоғамдық резонанс тудырды.

Серіктес жаңалықтары