×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қырғызстан Қазақстанға бар суды жібермей отыр ма? – Сүлейменова жауап берді

15.08.2023, 11:38
Коллаж: ulysmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова ««қырғыз тарапы Қазақстанға ешқандай заңды бұзбай, суды кесте бойынша жіберіп отыр ма?» деген сұраққа жауап берді, еп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстанның су саласында қалыптасқан жағдай негізінде күрделі. Өйткені біз суы аз циклға ендік. Қазіргі таңда біздің елге су аз түсіп жатыр», - дейді Зүлфия Сүлейменова.

Биыл оңтүстік өңірлерде қалыптасқан жағдайларға тоқталған министр шілдеде өткен үкімет отырысында су жағдайы қарастырылғанын еске алады. Сол кезде министр Қырғызгидрометтің наурыз-сәуір айында берген ақпараты расталмағанын айтқан.

«Негізінен олардың берген болжамы – нормаға сәйкес немесе нормадан жоғары болатын. Өкінішке қарай нормадан едәуір төмен болды. Соған байланысты қырғыз тарапымен бірнеше ай бойы кесте жасап, судың келуін, шығындалуын пысықтаған болатынбыз. Осы айдан бастап Киров су қоймасында қазіргі таңда су өте тапшы. Судың келуі шілденің өзі 1,5 текше метр секундына келіп жатты. 2022 жылдың шілдесінде секундына 65 текше метр келсе, биыл 1,5 текше метр келіп жатты. Соған байланысты күрделі жағдай қалыптасты», – дейді ол.

Зүлфия Сүлейменова сонымен қатар Тасөткел каналының өзінед 200-ден астам заңсыз насос анықталғанын айтады. Тиісті хабарлама Бас прокуратураға хабар берген.

«Бас прокуратура жиналыс өткізді. Олар осы мәселені қарап жатыр», - дейді министр.

«Қырғыз тарапы ешқандай заңды бұзбай, суды кесте бойынша жіберіп отыр ма?» деген сұраққа Зүлфия Сүлейменова былай деп жауап берді.

«Қырғыз тарапымен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бішкекке бардым. Вице-министріміз Қордай, Байзақ, Талап ауданына да барды. Бір рет емес, бірнеше мәрте барып жүр. Биылдың басында кестеге қол қойдық. Кесте шеңберінде мүмкіндігінше жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда жағдай күрделі», - деген министр сұраққа нақты жауап бермеді.

Серіктес жаңалықтары