×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

15.08.2023, 15:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жетісу облысының прокуратурасы журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманы бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі (Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі). 2023 жылғы 14 тамызда Дүйсенова Жетісу облысының прокуроры Мадияр Басшыбаевпен қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша жеке қабылданды. Оның дәлелдерін ескере отырып, прокуратура зерттеу үшін қылмыстық істі сұратып алды. Қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылық бұқаралық ақпарат құралдарында дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген жағдайда туындайды. Алайда тергеу органы заңнамада көзделген тергеу мерзімінде жәбірленушіге елеулі зиян келтірілгенін растайтын жеткілікті нақты деректерді анықтаған жоқ”, – деп хабарлады ведомство.

Осыған байланысты, Талдықорған қаласы прокурорының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу іс-әрекетте қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

“Егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу үшін жауапкершілік көзделген.Сондықтан материалдар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес оларды қарау үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органға жолданды”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны жөнінде алдымен алыпқашпа әңгімелер тарай бастаған. Көп өтпей, полиция оның ұсталғанын растады.

Журналисті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, атап айтқанда адамның жеке немесе отбасылық құпиясы болып табылатын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз таратқаны үшін (ҚР ҚК 147-бабы) тергеу изоляторына орналастырғаны белгілі болды. 

Келесі күні Дүйсенова полицейлер оны ұстап, жігерін құм қылу үшін тыр жалаңаш шешіндіргенін мәлімдеді. Полицейлер жеке тінту процедурасы қылмыстық тергеушінің қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен тергеушінің ҚІЖК талаптарына сәйкес жүргізілгенін айтты.

Ақпарат министрлігі Дүйсенованың ұсталуына түсініктеме беріп, мәселені бақылауда ұстайтындықтарын мәлімдеді.

Дүйсенованың ұсталуы журналистерге тағы бір ескерту ме әлде полицияның кезекті жүгенсіздігі ме – бұдан бұрын  Ulysmedia.kz осы сұраққа жауап іздеп көрген.

Сондай-ақ, бұдан бұрын істі болған журналист Сандуғаш Дүйсенованы қолдауға бағытталған петиция жарияланғанын хабарлағанбыз.

Серіктес жаңалықтары