×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Шешіндіріп, видеоға түсірген - журналист Сандуғаш Дүйсеноваға қатысты тың дерек айтты

13.08.2023, 15:15
Ашық дереккөз

Журналист Самал Қабышева әріптесі, жақында полиция ұстап әкетіп, артынша қолхатпен босатқан Сандуған Дүйсенова туралы тың деректі ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Сандуғаштың сағын сындырамыз дегендерде ес жоқ! Ал, достар сонымен Сандуғашты не үшін қамады? Айтсам, күлесіздер... Сандуғаш жалған ақпарат жазып, не болмаса біреуден ақша алып, ұсталған жоқ. Ондай иттік жасаса, мен де бұл жерде оны жақтап, шырылдамас едім”, – деген журналист сонымен әріптесін не үшін қамағанын мәлімдейді.

Оның мәліметінше, бар болғаны Сандуғаш адам өлтірген қылмыскердің ақпаратын жариялаған. Және онда қылмыскердің ЖСН-і көрсетілген.

“Сол түрмеде адам өлтіріп, 16 жылға сотталған қылмыскер менің жеке ақпаратымды жариялады деп, арыз жазыпты. Біздің полиция қылмыскердің арызы негізінде Сандуғашты ұстап,  бірақ қамаған. Іш киімін шештіріп, видеоға түсірген. Мен бұл әрекетті Сандуғаштың сағын сындыруға жасалған іс деп түсінемін. Кімнің басынан не өтпейді? Кім қателеспейді? Сандуғаштың бар жазығы қазір сол адам өлтірген адамның ЖСН-і жазылған ақпаратты жариялағаны. Ал түрмеде отырған, 16 жылға сотталған қылмыскер содан зардап шегіпті ме? Оның бұл жағдай миына да кіріп шықпайды деп ойлаймын”, – дейді Самал Қабышева.

Оның пайымынша, бұл жерде тек Сандуғашқа кек ұстаған адам, осыны пайдаланып, арыз жаз деп бағыт берген. Сондықтан, ол Сандуғаштың ісін президент Тоқаев тікелей өз бақылауына алса деп сұрайды.

“Қоғамдағы әділетсіздікпен күресіп жүрген адам біреудің кегі үшін бұлай күйіп кетпеу керек. Сандуғаштың орны түрме емес. Ол қылмыскер емес. Ол адам өлтірген емес. Ол наркоман емес. Ол қоғам белсендісі. Әділетсіздікке бей-жай қарамайтын адам. Ана. Қарап тұрсам, Сандуғаштың артында тіреп тұрған көкесі жоқ. Шешесі, ағасы, екі қызы бар. Болды. Олар өте еңбекқор отбасы. Сандуғаш жүректі, мінезді адам болған соң, ешкімнен қорықпайды. Оның қорқатыны бір Жаратқан ғана. Сондықтан, бір Аллам Сандуғашқа жар болсын. Біз асыққанмен құдай асықпайды. Сандуғашқа ор қазғандар, ертең сол орға өздерінің топ етіп түспесіне кім кепіл? Өмір алма кезек”, – деп түйіндейді журналист.

Серіктес жаңалықтары