×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Алыс-беріс көбейді: Қазақстан ЕАЭО елдеріне не сатады, не сатып алады

15.08.2023, 17:16
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1% көбейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 843,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% көбейді.

Тауарайналым құрылымы:

экспорт  – 5 430,1 млн АҚШ доллары
импорт – 8 413 млн АҚШ доллары

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары