×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Шошқа қора": шетелдік турист Қазақстандағы ең көрікті орындардың бірінің сиқын сынға алды

16.08.2023, 17:13
видеодан кадр

Асы үстірті аумағына демалуға барған шетелдік турист демалыс орнында күл-қоқыстың көптігін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Турист қыз табиғат аясындағы жағымсыз көріністі желідегі парақшасында жариялады.

«Асы үстірті – сіздердің еліңіздің інжу-маржаны, бірақ бұл жерлерді шошқа қора сияқты ұстасаңдар, турларыңнан не пайда? Жұмыс күндері тазалауға барып, бірнеше дәретхана орнатуға болады ғой ? Сіздер осы табиғат аясына көп адам апарасыздар, демалыс күндері бұл жерге 1000-1500 адам жиналады, шынымен де жиналып, бұл мәселелерді шешу мүмкін емес пе?», - деп жазды ол елдің турфирмаларына бағыттап.

Алматы облысының әкімдігі қыраттың қоқыс ошағына айналуына қатысты түсініктеме берді.

«Демалыс күндері 11-13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылды. Бұл табиғаттың ластануына әкелді. 15 тамызда туристер қалдырған қоқыстарды тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық саябағының өкілдерімен бірлесіп сенбілік өткізді. Аталған шараға 43 мың адам тартылды. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазартылды», - деп ақталды шенділер.

Серіктес жаңалықтары