×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

СҚО-ның тағы бір өзенінде балық қырылып қалды

17.08.2023, 09:29
СҚО Экология департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев су торабының төменгі бөлігінде орналасқан Есіл өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СҚО Экология департаментінің мәліметінше, оқиға орнына экологтар, Есіл бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Шал ақын ауданының ветеринария қызметі, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы барды.

“Есіл өзенінің жағалау сызығына тексеру жүргізілді. Комиссия Есіл өзенінде шамамен 30-40 кг «Налим», «Судак» балықтарының қырылу фактісін анықтады. СҚО бойынша экология департаментінің қызметкерлері су сынамаларын алды, ветеринарлық қызмет мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін балықты іріктеп алды. Жергілікті атқарушы органдар санитарлық нормаларды сақтай отырып, кейіннен кәдеге жаратумен өлі балықтардың ұшасын жинау жұмыстарын ұйымдастырды”, – делінген хабарламада.

Зерттеу нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат берілетіні хабарланды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Солтүстік Қазақстан облысындағы Питное көлінде балық жаппай қырылып қалған.

Серіктес жаңалықтары