×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанда қаймақ күрт қымбаттады

17.08.2023, 09:41
profile.ru

Шілде айында Қазақстан бойынша қаймақтың орташа бағасы келісіне 1912 теңгені құрады. Өткен жылдың шілдесімен салыстырғанда сүт өнімі 22,4% қымбаттаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаймақ Алматы қаласының тұрғындарына қымбатқа түседі, онда бұл өнімнің орташа бағасы 2350 тг мөлшерінде. Бұл өнімнің қымбаттығы бойынша екінші орында Атырау – 2079 тг. Одан әрі Өскемен – 2068 тг. Ақтөбе мен Қызылордада қаймақтың бір келісі үшін орта есеппен 2058 теңге жұмсау керек.

 Ең арзан қаймақ Көкшетау қаласында – 1270 тг.

2023 жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 21 мың тонна қаймақ өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,3 мың тоннаға артық.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары