×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстандықтар табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды

17.08.2023, 09:56
фото: ашық дереккөзден

Picodi сервисінің талдаушылары 105 елдегі статистикалық деректерді сараптап, әлемнің түрлі мемлекеттерінде тұрғындар азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын есептеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан бұл рейтингте 99-шы орында –  тұрғындар тұтыну тауарлары мен қызметтеріне жұмсалатын шығындарының 49,4%-ына азық-түлік пен алкогольсіз сусындар алады.

Еліміздің орташа тұрғынының тамақтану шығындары айына 213 долларды құрайды.

Өзбекстан (46,5%) және Анголаның (49,7%) көрсеткіштері Қазақстан статистикасына жақын.

Қарастырылған елдердің ішінде Нигерия(59%), Мьянма(56,6%) және Кения(56,1%) тұрғындарының азық-түлік шығындары жоғары көрсеткішке ие.

Үйде тұтынылатын тамақ пен алкогольсіз сусындар барлық шығындардың орта есеппен 1/10 бөлігін құрайтын елдерге мыналар жатады: АҚШ — 6,7%, Сингапур — 8,4%, Ұлыбритания — 8,7%, Ирландия — 9,2%, Швейцария — 9,9%.

Әзірбайжанда (айына 102 доллар), Беларуссияда (айына 98 доллар) және Молдовада (айына 97 доллар) халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығындары айтарлықтай төмен.

Еуропа елдерінің ішінде азық-түлікке ең жоғары шығындар Швейцарияда (айына 359 доллар), Норвегияда (айына 341 доллар) және Данияда (айына 311 доллар) байқалады, бұл осы елдердегі қымбатшылыққа байланысты.

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары