×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 2 кенші көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде уланған

17.08.2023, 14:14
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен екі адам Шахтинск қаласының орталық ауруханасында жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кеншілерге алдын ала қойылған диагноз – жеңіл дәрежедегі көмірқышқыл газынан улану. Тағы екеуі Мақажанов емханасында. Алдын ала диагноз – көмірқышқыл газынан ауыр дәрежеде улану. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын хабарланғандай,  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстандық» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылып жатыр.Шахтада барлығы 227 адам болған.

Соңғы мәлімет бойынша, 222 қызметкер жер бетіне шығарылды, 5 адам әлі құтқарылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары