×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның тағы бір қаласында автобус жолақысы қымбаттады

17.08.2023, 15:12
Қазақстанның тағы бір қаласында автобус жолақысы қымбаттады
time.kz

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан былай жолаушылар карточкамен есеп айырысқан жағдайда 100 теңге, қолма-қол ақшамен 170 теңге төлейтін болады.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, жаңа тарифтер қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс өткен 7-ші сессиясында бекітілді.

Қала әкімінің орынбасары Әділбек Әубәкіров Петропавлда соңғы рет 2017 жылы қоғамдық көліктің билеті қымбаттағанын, содан бері 6,5 жыл өткен екенін атап өтті.

«Осы аралықта үлкен инфляция болды, жанар-жағармай қымбаттады, жүргізушілердің еңбекақысы өсті, басқа да шығындар көбейді. Мәселен дизель отынының литрі 124 теңге болса, қазір 290 теңге, ал қыста тіптен қымбаттайды. Осыған орай жолаушы тасымалдаушылар әкімдікке ұсыныспен келді. Бізде тарифтерді қарайтын ведомствоаралық комиссия бар, кәсіпкерлердің ұсынысы бірнеше рет жиында қаралды», - дейді Әубәкіров.

Жаңа тарифтер шамамен екі аптаның ішінде енгізілмек, өйткені мәслихат қаулысы тиісті заң рәсімдерінен өтуі керек.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда автобус жолақысы қымбаттады. Қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин қоғамдық көлік жолақысын қымбаттату туралы шешім неліктен қабылданғанын түсіндірген.