Белсенділер Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қарсы шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атап айтқанда, белсенді Мейірхан Әбдіманапов Қазақстан билігі жобаны жүзеге асыруды "Росатомға" беруі мүмкін деп алаңдаулы.
"Ресей Федерациясы санкцияларға ұшырады, олар басқа елдерден көптеген жабдықтар алды. Агрессор елмен келісімге қол қою өзімізді қауіпке итерумен тең", — деді ол Қазақстанның халықаралық адам құқықтары бюросының кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында.
Журналист Анар Аққозаның пікірінше, атом электр станциясын салу жобасы шикі, өйткені құқықтық база да, техникалық-экономикалық негіздеме де, қаржылық есеп-қисап та жоқ.
Ал экономист Марат Әбдірахманов атом электр станциясын салудың орнына күн батареялары мен жел генераторларын салу экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан қарастыратын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне төрт шетелдік компания (ресейлік "Росатом", италиялық CNNC, француздық EDF және оңтүстік кореялық KHNP) кірді.
Айта кетсек,бұдан бұрын АЭС салу мәселесі референдумға шығарылмайтына хабарланған.
Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қатысты қоғамдық тыңдаулар 22 тамызда өтеді.
Жуырда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының мерзімі жайлы айту ерте екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, қазір еліміз технологияның төрт әлеуетті жеткізушісінің өтінімдерін қарастырып жатыр.
Ал "Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігін алға тартып, шешімді әбден таразылап барып қабылдау керегін айтқан.