×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда азық-түлік бағасы өсті

18.08.2023, 14:31
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жылдық мәнде 7,3%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

Күріш – 452 тг/кг;

Айран 2,5% – 412 тг/л;

Картоп – 173 тг/кг;

Пияз – 164 тг/кг.

Айта кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайтыны хабарланған.

Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.

Серіктес жаңалықтары