×
523.58
549.71
5.01
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
549.71
5.01

Қызылордада 3 балалы әйелдің өлтірілуі: полицей қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталды

18.08.2023, 14:47
Қызылордада 3 балалы әйелдің өлтірілуі: полицей қызметтегі әрекетсіздігі үшін сотталды
Ажар Шадиева, Руслан Отарбаев

Қызылордада полиция қызметкері Ерсұлтан Қуанышбайға қатысты үкім шықты. Ол үш баланың анасы Ажар Шадиеваның өліміне қатысты істе қызметтегі әрекетсіздігі үшін айыпталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрінің айтуынша, Ерсұлтан Қуанышбай бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ лейтенант атағынан және органдарда өмір бойы қызмет ету құқығынан айырылды, сондай-ақ, 5 млн теңге көлемінде моральдық залал өтемақысын төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге сала кетейік, қатыгез кісі өлтіру оқиғасы 2022 жылдың 3 тамызында болған. Өзінің туған күнінде 27 жастағы Ажар Шадиева жұбайы Руслан Отарбаевпен жанжалдасып қалады. Ер адам әйелін әуелі кеш өтіп жатқан клубтың ішінде, одан кейін көшеде аяусыз ұрған. Салдарынан Шадиева қайтыс болды. Наурыз айында Отарбаев 12 жылға сотталды.

Қаза тапқан әйелдің туыстары 15 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғауды талап етті. Марқұмның жақындарының айтуынга, олар мүмкіндіктері бола тұра қылмыстың алдын алмаған.

Бұған дейін Қуанышбайдың Отарбаевтың досы болғаны белгілі болған. Шадиева өлтірілген түні полиция қызметкері "қылмыскерге белсенді түрде көмектескені" айтылған.