×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ақтөбеде жол апатына түскен жүргізушіге көмектеспек болған ер адам қаза тапты

18.08.2023, 16:22
polisia.kz

Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адамды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, 18 тамыз күні Сhevrolet Lanos автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе - Родниковка автожолымен жүріп келе жатып, Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары