×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Новороссийсктегі жарылыс: Қазақстан Қара теңіз арқылы мұнай тасымалдаудан бас тартуы мүмкін

18.08.2023, 18:02
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Қара теңіздегі жағдай нашарлаған жағдайда мұнай экспортын Новороссийсктің орнына Усть-Луга (Ленинград облысы) портына бағыттауы мүмкін. Бұл туралы "ҚазТрансОйл" бас директорының орынбасары Ерік Сағиев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Егер Қара теңіздегі жағдай нашарласа, біз Шесхарис портына [Новороссийскіде] тасымалдайтын көлемдер Усть-Луга портына бағытталады", — деді Сағиев.

Ал "ҚазТрансОйл" басшысының орынбасары Әміржан Оспанов "Қарашығанақ петролиум оперейтинг" 2024 жылы "Дружба" мұнай құбыры арқылы 1,2 млн тонна мұнай тасымалдауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Новороссийск жүк терминалында мың шаршы метрден астам аумақта ағаш паллеттер өртенді. Сөндірілген өрттің себептері әлі анықталған жоқ.

Каспий Құбыр Консорциумы бұл оқиға КҚК теңіз терминалы және Новороссийск портына жақын орналасқан "Шешхарис" мұнай тасымалдау кешені арқылы қазақстандық мұнайды жоспарлы жөнелтуге әсер етпеді деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызға қараған түні Украинаның қарулы күштері Новороссийск әскери-теңіз базасына екі экипажсыз қайықпен шабуыл жасауға тырысты. Кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынды.

КҚК – қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыты, ол құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-дан астамын тасымалдайды.

КҚК ірі акционерлері – "Транснефть" (24%) және "ҚазМұнайГаз" (19%). Ұзындығы 1511 км Теңіз — Новороссийск құбыры арқылы ҚР барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспийден шикізат жеткізіледі. 

Серіктес жаңалықтары