Бүгінге дейін қазақстандық вакцинаға 12 мемлекет өтініш беріп, ресми хат жолдаған, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
««QazVac» отандық вакцинаны әзірлеуші ғалымдар тобының жетекшісі Күнсұлу Закарья «Qazaqstan» телеарнасының «Әйел әлемі» жаңа жобасына сұхбат берді. «QazVac» отандық вакцинасы әірленген Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты - Қазақстанда және Орта Азияда салынған ең алғашқы зертхана. Күнсұлу Закарья бағдарламада отандық вакцинаны жасап шығаруда кездескен кедергілер мен қиындықтар туралы, жобаны мемлекет басшысының алдында қорғап, содан кейін барып 1, 5 айдың ішінде қолданысқа енгізілгені туралы әңгімеледі», - деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен.
Министрлік сонымен қатар қазір қазақстандық вакцинаға 12 мемлекет өтініш беріп, ресми хат жолдағанын хабарлайды. Күнделікті жұмыс күнін Әнұранмен бастайтын ғалым институттың алдағы атқарылар жоспарларын бөліспек. Сұхбатты бүгін сағат 17.25 сағатта «Qazaqstan» телеарнасынан көруге болады.
Фото: vlast.kz