ТЖМ “Қазақстан” шахтасындағы жұмыстар жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Деректерге қарағанда, 1 сағат 23 минутта соңғы қаза тапқан тау-кен жұмысшысының денесі жер бетіне шығарылды.
Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күші Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған.
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов авариялық жұмыстарын жүргізу барысын одан әрі бақылауда.
“Атап айтқанда, ол КӘАҚҚ РШО басшылығының жұмыс барысы туралы баяндамалары тыңдалды, үздіксіз түтін, нөлдік көріну, көптеген өрт ошақтары, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қаупі атап өтілді”, – деп жазды ведомстводан.