×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақша емес: Астанадағы ұлттық пантеонның атауы өзгеруі мүмкін

21.08.2023, 13:16
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада орналасқан ұлттық пантеонның атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Қаналимов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаналимовтың айтуынша, ұлттық пантеон жобасы әлі аяқталған жоқ. Алда құрылыстың екінші кезеңі бар.

"Пантеонның атауын өзгерту туралы ойланатын шығармыз. Қазақ тілінде бұл атау сәйкес келмейді. Бірақ бұл министрлікпен және әкімдікпен бірлесіп талқыланатын болады", - деді Қаналимов журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол сондай-ақ элиталық зиратта санаулы орын қалғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты. Екінші кезеңнің құрылысы аяқталғаннан кейін пантеонда 4 емес, 40 бос орын болады.

"Онда 40-тан астам орын бар. Бұл жеткілікті. Өйткені пантеон бойынша Үкіметтің қаулысымен бекітілген жеке ереже бар. Бұған қатысты шу көтерудің қажеті жоқ. Пантеондар басқа елдерде де бар. Бұл стандартты процедуралық дүниелер. Бұл мемлекеттік ауқымдағы мәселелер, өйткені бізде мұндай пантеондар бар, егер ТМД туралы айтатын болсақ, Мәскеуде, Бакуде және басқа мемлекеттерде бар", – деп түйіндеді ол.

Еске салайық, шілде айының ортасында мәслихат отырысында Қаналиов ұлттық пантеондағы 25 орынның 21-і бос емес екенін мәлімдеген. Ол кезде депутаттар пантеонның екінші кезеңінің құрылысы жоспарланып отырғанын айтпаған.

Ұлттық пантеон Астана маңында орналасқан, Қабанбай батыр кесенесінің айналасына салынған. Ол мемлекеттің, ғылымның, мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін, сондай-ақ Қазақстанның дамуына үлес қосқан тұлғаларды жерлеу үшін салынған.

Бұдан бұрын ұлттық пантеонда кімдер жерлегенін жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары