×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан ТМД-да Ресейге тауар экспорттау жөнінен көш бастап тұр

21.08.2023, 14:41
Коллаж: Ulysmedia.kz

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ТМД елдері арасында Ресейге тауар жеткізу жөнінен әлі күнге дейін Қазақстан көш бастап тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан Ресей Федерациясына экспортты 40%-ға арттырды, деп жазады РИА "Новости".

"Таяу шет мемлекеттер арасында Ресей үшін ең ірі тауар жеткізуші болып қала беретін Қазақстан жеткізілімдерді 38% -ға – 4,9 миллиард долларға дейін ұлғайтты", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, таяу шетелдерден Ресейге тауарлардың экспорты бірінші жартыжылдықта 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе өскен.

Қырғызстан – Ресейге экспортты қысқартқан жалғыз ел, айырқалпақты ағайындар Ресей Федерациясына 389 миллион доллардың тауарын жеткізген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Швеция Ресеймен көршілер елдер санкцияларды айналып өтуге көмектеседі деп күдіктенетіні хабарланған.

Жуырда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров біздің еліміздің де санкцияға іліну мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берген.

 

Серіктес жаңалықтары