×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Тергеудегі экс-әкім Көкірекбаевтың ұлы сотталды

21.08.2023, 18:03
Коллаж: Ulysmedia.kz

Бас көлік прокуратурасы БҚО-да қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 4 жағдайын есепке алудан жасыру фактісі анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2020-2023 жылдар аралығында магистральдық теміржол желісінде орын алған фактілер тиісті түрде тексерілмеген.

“Прокуратура «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС атына заңбұзушылықтарды, оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі адамдарды жауапқа тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыну енгізді. Мұндай жағдайды түзетудің және оларға жол бермеудің орнына «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 36-бабының талаптарына сәйкес келмейтін хатпен жауап беру туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.

Ведомсвтоның нақтылауынша, М.Көкірекбаев прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қабылдамаған:локомотив жиыны “оқиға” ретінде сараланбаған, жылжымалы құрамның арнайы сигналдарының іске қосылуының 3 жағдайы (темір жолға құлау, жылжымалы құрамның бөлшектерін тарту) қозғалыс қауіпсіздігін бұзу ретінде есепке алынбаған және «оқиға» ретінде сараланбаған.

“Бұл көлік прокурорының ӘҚБтК-нің 664-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болды. Нәтижесінде сот М:Көкірекбаевты әкімшілік құқық бұзущылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, әкімшілік айыппұл салды. Сот шешімі заңды күшіне енді”, – деп мәлім етті прокуратура.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Қазселденқорғау" ММ директоры Кәрім Көкірекбаев ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

БАҚ-та жарияланған ақпаратқа сәйкес, Кәрім Көкірекбаев BAZIS CONSTRUCTION - INFR ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден 800 мың доллар көлемінде пара алған.

Антикор шенеуніктің ұсталғанын растағанымен, істің мән-жайын жария еткен жоқ.

Кәрім Көкіребаев Жамбыл облысының әкімі, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі қызметтерін атқарған, 2019 жылдан бері "Қазселденқорғау" мекемесін басқарды.

Серіктес жаңалықтары