×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

"Көмір қабаттары жанып жатыр": министр шахтадағы өрттің әлі күнге дейін сөндірілмеуі жайлы

22.08.2023, 09:24
фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов «АрселорМиттал Теміртау» шахтасындағы өрттің қашан толық сөндірілетінін тап басып айта алмайтынын, болжам жасауға әлі ерте екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министр бастапқыда шахтада транспортерлік таспа жанғанын, одан от көмір қабаттарына жайылғанын хабарлады. Осы себепті өрт сөндіру жұмыстары ұзаққа созылған.

"Өртті сөндіру оңай мәселе емес, құтқарушылар тыныс алуға жарамсыз ортада, жоғары температурада жұмыс істеп жатыр. Бұл жер бетіндегі емес өртті сөндіру. Шахтада бұл өте қиын, арнайы технологиялар, ережелер бар", - деді ол.

Министр жалынның жақын күндері ауыздықталатынына сенім білдірді.

Еске салайық, 17 тамызда “АрселорМиттал Теміртау” көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. 

Бастапқыда апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 13-ке жеткені белгілі болды.

Өрт кезінде «Қазақстан» шахтасынан шыға алмай қалған бес кенші де қаза тапты.

Олар:

1. Денис Стешин, 1978 ж.т., жерасты туннельшісі, 4-разряд, еңбек өтілі 21 жыл;
2. Халиков Артур, 1994 ж.т., жер асты электромонтері, 4-разряд, жұмыс өтілі 10 жыл;
3. Виктор Бургун, 1966 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
4. Слюнков Виталий, 1965 ж.т., жерасты электромонтер, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл;
5. Илья Старовойт, 1996 ж.т., жер асты электромонтері, 3-разряд, жұмыс өтілі 4 жыл.

Шахтинск қаласының полициясы ҚР ҚК 277-бабының 2-бөлігі (Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, апатқа жауапты басшылар 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары