×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Үлкендегі жария тыңдау: наразы топ АЭС құрылысын қолдаған сарапшыға шүйлікті

22.08.2023, 10:43
Ulysmedia.kz

Алматы облысында АЭС құрылысы бойынша жария тыңдау басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс-шараға осы идеяның қарсыластары да, жақтаушылары да қатысады. Жергілікті тұрғындар өз ауылдарында атом электр станциясы салынғанына үзілді-кесілді қарсы.

Тыңдаулар өтетін ғимаратқа тек Үлкен ауылының ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлерінің тұрғындары да жиналды.

Олар  АЭС құрылысына тыйым салынуын талап етуде. Тұрғындар өз наразылықтарын білдіру үшін түрлі ұрандар жазылған плакаттар көтере келген.

Жан-жақтан жиналған журналистердің де қарасы қалың. Сарапшы Александр Клепиков БАҚ өкілдеріне даулы мәселеге қатысты пайымын айтты.

"Қазақстанда пайдалану тәжірибесі аз болғандықтанғ біз осы салада тәжірибесі барлардан референттік тәжірибе алғымыз келеді. Бес ел үміткер ретінде қарастырылады. Мен таңдау жасауға қатыспаймын, мен жай ғана сарапшы ретінде айтып отырмын", - деді ол.

АЭС құрылысына наразы топ сарапшыға пікірін аяқтауға мүмкіндік бермеді.

"Сіз кімсіз? Неге Қазақстанның атынан сөйлеп тұрсыз? Өз ұйымыңыздың атынан сөйлеңіз", - деп ашуланды наразылар.

Ер адам Алматыдағы ядролық технологиялар қауіпсіздігі орталығының сарапшысы екенін мәлімдеді.

Аталмыш орталықтың сайтындағы мәліметке сүйенсек, Александр Клепиков атқарушы директордың орынбасары қызметін атқарады екен.

Үлкен ауылы Алматыдан 300 км-ден астам қашықтықта орналасқан. Сондай-ақ, 300 км шегінде Қарағанды облысындағы шағын өнеркәсіптік Балқаш қаласы және Алматы облысының әкімшілік орталығы – Қонаев орналасқан.

Көптеген қоғам қайраткерлері мен энергетиктер Қазақстанда қазір атом электр станциясын салу үлкен қателік екенін бірнеше рет айтқан. Сонымен қатар, қоғамда құрылыс жобасы ресейлік "Росатомға" берілуі мүмкін деген алаңдаушылық бар.

"Ресей Федерациясы санкцияларға ұшырады, олар басқа елдерден көптеген жабдықтар алды. Агрессор елмен келісімге қол қою  өзімізді қауіпке итерумен тең", — дейді қоғам белсенді Мейірхан Әбдіманапов

Журналист Анар Аққозаның пікірінше, атом электр станциясын салу жобасы шикі, өйткені құқықтық база да, техникалық-экономикалық негіздеме де, қаржылық есеп-қисап та жоқ.

Ал экономист Марат Әбдірахманов атом электр станциясын салудың орнына күн батареялары мен жел генераторларын салу экономикалық тұрғыдан тиімді деп есептейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстан қарастыратын ядролық технологиялардың әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне төрт шетелдік компания (ресейлік "Росатом", италиялық CNNC, француздық EDF және оңтүстік кореялық KHNP) кірді.

Жуырда Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС құрылысының мерзімі жайлы айту ерте екенін мәлімдеген

Ал "Самұрық-Қазына" төрағасы Нұрлан Жақыпов Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін көп су мен ақша қажеттігін алға тартып, шешімді әбден таразылап барып қабылдау керегін айтқан.

Серіктес жаңалықтары