×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақ-қырғыз шекарасында қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылды

23.08.2023, 17:14
көрнек фото: Ulysmedia.kz

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы шиеленісті жағдай әлі реттелген жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қырғыз Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 23 тамызда сағат 13.00-дегі жағдай бойынша "Ақ-Тілек-автодорожный" өткізу пунктінің алдында Қырғызстаннан шығуға кезекте 493 көлік, "Кең-Бұлын-автодорожный" өткізу пунктінің алдында 146 көлік тұр.

22 тамыз күні Қырғызстаннан Қазақстанға 112 автокөлік өткізілген.

Шекара қызметінің хабарламасында айтылғандай, қырғыз тарапынан өткізу пункттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Шу облысында "Ақ-тілек-автодорожный" бақылау-өткізу пунктінің алдында жүк көліктері жиналатын жерде шатырлы көмек пункттері орналастырылған. Онда жүргізушілер мен жүк тасымалдаушыларға қажетті көмек көрсетіледі: медициналық, психологиялық, консультациялық және т.б. Сондай-ақ ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Еске салайық, бірнеше күннен бері қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Бұдан бұрын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, өткізу пунктерінде ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары