×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Ресей Қазақстанның F.A.C.C.T. топ-менеджерін экстрадициялау туралы шешімін күтіп отыр – елші

24.08.2023, 10:28
F.A.C.C.T.

Ресей тарапы Алматыда ұсталған ресейлік, F.A.C.C.T. компаниясының қызметкері Никита Кислицинді Ресей Федерациясына экстрадициялау мерзімі туралы ақпаратты күтіп отыр. Бұл туралы ТАСС-қа берген сұхбатында Ресейдің Алматыдағы бас консулы Евгений Бобров мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біз Ресейдің Бас прокуратурасына Никита Кислицинді Ресей Федерациясына экстрадициялау мерзімі туралы ақпарат жіберілуін күтіп отырмыз. Құқықтық көмек туралы қолданыстағы конвенцияға сәйкес мұндай шешім сұрау салушы тараптан құжаттардың толық пакетін алғаннан кейін 30 тәулік ішінде қабылдануы тиіс", - деді Бобров.

Ол 1 тамызда Ресейдің Бас прокуроры ұсынған құжаттарды зерттегеннен кейін Алматы соты Ресей тарапының өтініші бойынша Кислицинді экстрадициялық қамауға алу туралы шешім қабылдағанын еске салды.

Әзірге Кислицин Алматыдағы тергеу изоляторында.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консул-кеңесшісі Артем Оганов Қазақстан билігі  Никита Кислицинді АҚШ-қа беруден бас тартқанын және оны Ресей Федерациясына экстрадициялауға келіскенін айтқан болатын.

Алайда, ҚР Бас прокуратурасының өкілі Дархан Дүйсембай Қазақстан F.A.C.C.T. компаниясының департаменттерінің бірінің басшысы Никита Кислицинді экстрадициялау туралы шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, 2020 жылы АҚШ Әділет министрлігі Кислицинді өзінің сыбайласымен бірге 2012 жылы Formspring әлеуметтік желісінен ұрлаған деректерді сатуды жоспарлады деп айыптады. Group-IB айыптауларды дәлелденбеген деп атады.

Ресей ІІМ де Кислицинге іздеуде жариялады. Тергеу оны заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізу туралы іс бойынша қамауға алуды сұрайды. Кислицин сырттай қамауға алынды.

Кислицин 2006-2012 жылдары ақпараттық қауіпсіздік пен кибершабуылдарды зерттеуге арналған "Хакер" журналын басқарды. 2013 жылдың қаңтарында ол Group-IB-ге жұмысқа орналасты. Кислицин күрделі кибершабуылдарға қарсы кешенді шешімдерді әзірлеу бөлімін басқарады.

Group-IB негізін қалаушы Илья Сачков мемлекетке опасыздық жасау туралы қылмыстық іс бойынша қамауға алынды. 

Серіктес жаңалықтары