×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда Досаевтың отставкасын талап еткен белсенді қамауға алынды

24.08.2023, 11:35
RFE/RL

Алматы полициясы тіркелмеген Демократиялық партияның белсенділері Аружан Дүйсебаева мен Мейірхан Жолаевты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жанболат Мамайдың зайыбы Инга Иманбайдың хабарлауынша, Аружан Дүйсебаева мен Мейірхан Жолаев Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі алдында «себепсіз» ұсталған. Полицейлер Дүйсебаеваға күш қолданғаны хабарланды.

Айта кетейік, Дүйсебаева 26 шілдеде Досаев пен Алатау өңірінің тұрғындарының кездесуінде оның қызметінен кетуін талап еткен болатын. Одан кейін әкім оның отставкаға кетуін талап еткен петицияға қойылған қолдардың барлығы «тірі адамдар» екеніне күмән келтірді. Досаев өзжұмысының сапасын президент бағалайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары