×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматыны күйік иісі жайлады: түнде қойма өртенген

25.08.2023, 08:26
көрнекі фото

Алматыда 25 тамызға қараған түні қойма өртенген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Желі қолданушылары қаланы күйік иісі жайлап, түнде терезелерін жабуға мәжбүр болғандарын жазуда.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 тамыз түнгі сағат 01:36 шамасында Жетісу ауданында қойма өртенген.

«Жоғары термиялық әсерден қойманың металл қаптамасы майысып, өрттің көрші қоймаларға өту қаупі туындады. 2 өрт сөндіру учаскесі құрылды, жанындағы қоймаларды оттан және салқындату үшін қол және лафеттік оқпандар енгізілді, бензорезбен қызған конструкциялары кесілді. Өртті сөндіру ангардың жоғары жанғыш жүктемесімен және жоғары электр сымдары жеке құрамның электр тогының соғу қаупімен қиындады. Нысанды арнайы қызмет өкілдері ажыратты. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеді. Қоймада ламинат болды»,- деді ТЖД баспасөз қызметінен.

photo

Тілсіз жауды ауыздықтауға 60 қызметкер мен 16 техника жұмылдырылды.  Өрт түнгі сағат 02:21 минутта оқшауланып, 04:40 минутта толығымен жойылған.

Қазіргі уақытта құрылымдарды бөлшектеу және су төгу жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, жуырда Алматының «Барахолка» базарында қойма өртенген.

Серіктес жаңалықтары