×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Биыл "Самұрық-Қазына" компанияларының жұмысшылары 12 ереуіл өткізген

25.08.2023, 12:53

2023 жылдың жеті айында "Самұрық-Қазына" АҚ компанияларында 12 ереуіл болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Самұрық-Қазына" АҚ Корпоративтік басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғановтың айтуынша, 12 ереуілдің тоғызы мердігерлік компанияларда, ал үшеуі еншілес тәуелді ұйымдарда болған.

"Осы жылдың жеті айында ереуілдер саны бес есе азайды, ал ықтимал тәуекел аймақтарының саны екі есе азайды. Салыстыру үшін өткен жылдың ұқсас кезеңінде 57 ереуіл болды, сондай-ақ, 68 ықтимал тәуекел аймағы анықталды", – делінген "Самұрық-Қазына"АҚ хабарламасында.

Айта кетейік, көктемде Астанада ереуілдеткен жаңаөзендік мұнайшылар жуырда билікке қайта жүгінген. Олар  өз фирмаларының басшылығы да, үкімет те олар көтерген мәселелерді әлі күнге дейін елемей келе жатқанын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары