Белгілі қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол бұл жаңалыққа таң қалғанын атап өтті
"Бүгін базалық мөлшерлеме 0.25%-ға төмендеді. Мен қатты таң қалдым. Мина қойылып жатқандай әсер. Инфляция әлі тұсауланған жоқ. Мүмкін бұл инфляцияны жеңгеніміздің жақсы белгісі шығар. Бірақ екінші жағынан, бұл жаңа инфляцияны тудырмай ма?", - дейді ол.
Еске салайық, Үлттық банк соңғы 3 жылда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Шешім Ұлттық Банктің жаңартылған болжамдары, деректерді талдау және инфляция тәуекелдерінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды», – делінген хабарламада.