×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды

26.08.2023, 10:35
Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылды
Ашық дереккөз

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов Павлодар қаласының активімен жиын өткізіп, Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қызметінен босату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұндай шешім қабылдауға қол астындағы қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың жеткіліксіз ұйымдастырылуы, қаланы дамыту және абаттандыру бойынша маңызды жобаларға тиісті бақылаудың жүргізілмеуі, сондай-ақ қала әкімшілігі мен Павлодар қаласының тұрғындары арасындағы байланыстың нашарлауы себеп болды.

Облыс әкімінің аппаратына Президент Әкімшілігіне тиісті таныстырылым дайындау тапсырылды.

Ержан Иманзаипов Павлодар қаласының әкімі қызметіне өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын. Оның бұрынғы жұмыс орны Екібастұз қаласының әкімі болған.

2020 жылдың көктемінде Иманзаипов Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақовтан сөгіс алды. Төтенше жағдайлар жөніндегі кеңес барысында карантиндегі қалалық басқармалар арасындағы өзара іс-қимылдың жеткіліксіздігі атап өтілді, бұл карантиндік және оқшаулау режимінің жеткіліксіз орындалуына әкелді.