×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Алматыдан 428 шақырым қашықтықта күшті жер сілкінісі болды

27.08.2023, 11:10
Ашық дереккөз

Қырғызстанда 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы қазақстандық сейсмологтарға сілтеме жасап Ulysmedia.kz хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бұл оқиғаны 2023 жылғы 27 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 4:11:49-да тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 428 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқаны хабарланды.

"Тіркелген жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,8, MPV магнитудасы – 4,6. Эпицентр координаттары: солтүстік ендік – 40,88, шығыс бойлық – 72,78. Жер сілкінісінің тереңдігі 5 шақырымды құрады", - делінген хабарламада.

Мамандардың айтуынша, МСК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісінің көріну мүмкіндігі туралы ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы барлық тұрғын үйлердің үштен бірі жер сілкінісі салдарынан қирауы мүмкін екенін хабарлап, алматылықтар қала әкімі Ерболат Досаевқа көпқабатты үйлерден құтылуды ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары