×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды

27.08.2023, 13:19
Фото: sports.kz

Қазақстандық WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын енді Бадди МакГирт жаттықтырмайды. Ал ол АҚШ-та Артуро Гатти, Майк Тайсон, Сергей Ковалев сияқты мықтыларды шыңдағанымен танымал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан былай жерлесімізге америкалық маман Брайан Вилория бапкер болады.

42 жастағы Вилория - әуесқой бокстан 1999 жылғы әлем чемпионы. Кезінде гавайиялық тіпті The Ring журналының салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) ең үздік боксшылар рейтингіне де қосылды. Вилорияның танымал қарсыластары арасында Роман Гонсалес пен Артур Далакян бар.

Вилория өзінің мансабын 2018 жылы аяқтады. Брайанның әзірге ең танымал боксшысы - бұрынғы әлем чемпионы Марк Магсио.

Әлімханұлы өз мәлімдемесінде МакГиртпен түсініспеушіліктері жоқ екенін, араларында достық пен сыйластық сақталатынын, бірақ жаттықтырушының ауысуы белгілі себептермен болғанын атап өтті.

 

«Жаңа бапкер. Жаңа серпін. Жаңа деңгей! Брайан Вилориямен жұмысты бастадық. Брайан – әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да әлем чемпионы болған боксшы. Кәсіпқой бокста 4 дүркін әлем чемпионы атанған. Екі салмақта чемпион болған. Екі чемпиондық титул жеңімпазы.

Мықты маманмен Қазақ стилін әрі қарай шыңдауды бастадық. Алла берекелі етсін!» – деп жазды боксшы әлеуметтік желіге.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі IBF чемпионы германиялық Винченцо Гуальтиериге (21-0-1, 7 КО) қарсы өтуі керек. 

Серіктес жаңалықтары